登录以查看您的控制台资源

新闻通稿 SEO营销 媒体监测

联系我们

Ақтау теңіз портының экс-президенті сот залында босатылды

发布:5/7/2026 阅读:1

itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

1

Сондай-ақ сот азаматтық талап арызды қанағаттандырды. Мустафин 2,2 миллиард теңге көлеміндегі шығынды өтеуге міндеттелді. Түрікпенбаев,Мақсат және Бақтыбаев ортақ тәртіппен 1,8 миллион теңгеден төлеуі тиіс.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ..

Еске сала кетейік,тергеу органдары теңіз сауда портының экс-президенті Абай Түрікпенбаевқа Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айып таққан болатын:

ҚР ҚК 28-бабының 5-бөлігі "Қылмысқа жәрдемдесу";

ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы "Аса ірі мөлшердегі алаяқтық";

ҚР ҚК 361-бабының 1-бөлігі "Лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану".

Бұған дейін прокурор Түрікпенбаевты қауіпсіздігі орташа колонияда жазасын өтеумен 8 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған еді.

Мән-жайы

2024 жылдың маусымында ҰҚК Ақтау теңіз портының басшысы Абай Түрікпенбаевқа қатысты тергеу жүріп жатқанын растады. Айта кетейік,сол кезде БАҚ-та Түрікпенбаевтың ұсталуы мұнай контрабандасы ісіне қатысты болуы мүмкін екені хабарланған болатын.

Абай Түрікпенбаев туралы не белгілі?

Ақтау теңіз сауда портының ресми сайтында бұрын жарияланған ақпаратқа сәйкес,Абай Түрікпенбаев 2017 жылдан бастап "АХТСП" ҰК" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Ол 62 жаста. Еңбек жолын 1980-жылдары Өзбекстан мен Қазақстанның химия кәсіпорындарында бастаған. Кейін "МаңғыстауМұнайГаз","ӨзенМұнайГаз","ҚазТеңізКөлікФлоты" және "ТеңізСервис" компанияларында басшылық лауазымдарда болды.

Ақтау теңіз портының басшысы болып тағайындалғанға дейін кәсіпорынның вице-президенті және "Құрық порты" ЖШС басшысы қызметтерін атқарды.

Ақтау теңіз порты – Каспий теңізі жағалауында,Ақтауда (Маңғыстау облысы) орналасқан Қазақстанның ірі теңіз сауда порты. Ол халықаралық жүк тасымалы үшін пайдаланылады: порт арқылы мұнай,мұнай өнімдері,астық,металл және басқа да тауарлар өтеді. Порт Қазақстанды Каспий маңы елдерімен,одан әрі Еуропа және Азиямен байланыстыратын көлік дәлізінің маңызды бөлігі.

传播你的梦想,是我的使命

精准触达,高效发声,让每一次发布都有回响,把专业的事,交给专业的人,助你专注核心,我们搞定传播。

微信扫一扫 立即联系我们