itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

Президент мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйледі,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордағы сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Конституция мемлекеттігіміз бен егемендігіміздің мызғымас кепілі екенін атап өтті.
"Бас құжатта халқымыздың мүддесі,мақсат-мұраты мен бірегей құндылықтары көрініс тапты. Жаңа Ата заңда Егемендік пен Тәуелсіздікті қорғау,азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау,халқымыздың әл-ауқатын арттыру,бірлігін күшейту бұлжымас қағидат ретінде айқындалды. Адам капиталын,білім-ғылымды,инновацияны дамыту мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде бекітілді",- деді Президент.
Осылайша,біз Заң мен тәртіп үстемдік құратын,баршаға бірдей мүмкіндік берілетін,Әділетті,Қуатты,Өркениетті мемлекет құру жолына бет алдық. Қазақстанның мақсаты – биік,бағдары – айқын,дейді Президент.
"Ырысты ынтымағымызды және берекелі бірлігімізді сақтай білсек,осы мұратымызға жетеміз,– деді Мемлекет басшысы.
微信扫一扫 立即联系我们