itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

1
2001-2002 жылдары – Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті Халықаралық туризм менеджменті кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеген;
2008-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының Парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің сарапшысы,Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Төрағасы көмекшісінің міндетін атқарушы;
2011-2013 жылдары – Қазақстан Республикасының БҰҰ-дағы Тұрақты Өкілдігінің үшінші хатшысы,атташе,Женева;
2013-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының хатшылығы меңгерушісінің орынбасары,меңгерушісі;
2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары;
2021 жылғы мамыр – 2022 жылғы қаңтар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымында жұмыс істеді.
2022 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы болды.
2024 жылғы 6 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды.
ІІ сыныпты Кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар.
"Құрмет" орденімен,"Ерен еңбегі үшін" медалімен наградталған.
Еске салайық,5 мамырда Президенттің жарлығымен Айбек Дәдебай басқа жұмысқа ауысуына байланысты Президент Әкімшілігінің басшысы лауазымынан босатылған болатын. Тоқаевтың жарлығымен Президент Әкімшілігінің басшысы болып Роман Скляр тағайындалды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алғысын білдіріп,Айбек Дәдебайдың Президент Әкімшілігі басшысы лауазымындағы қызметіне жоғары баға берді.
Сәуірдің ортасында саясаттанушылар,журналистер мен қоғам қайраткерлерінен құралған бастамашыл топ "Әділет" атты жаңа саяси партия құру ниеті туралы мәлімдеді. Мәлімдемеде жаңа партияның прогрессив реформаларды,Әділетті Қазақстан құру идеясын,заң үстемдігін нығайтуды және шешім қабылдау процесіне азаматтардың қатысуын кеңейтуді жақтайтыны айтылды. Негізгі мақсат пен міндет ретінде жаңа Конституция принциптері мен ел құндылықтары негізінде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын,бостандықтары мен мүдделерін қорғау аталды.
Келесі күні,16 сәуірде жаңа "Әділет" партиясының ұйымдастыру комитеті Әділет министрлігіне саяси бірлестік құру ниеті туралы ресми түрде хабарлама берді.
"Әділет" партиясы съезге заңда талап етілетін 5000 мүшелік шекті еңсеріп,9 312 адаммен келіп отырғанын мәлімдеді. Сондай-ақ,әр облыстан және республикалық маңызы бар қаладан кемінде 200 мүше болуға тиіс деген шарт та орындалған.
微信扫一扫 立即联系我们