登录以查看您的控制台资源

新闻通稿 SEO营销 媒体监测

联系我们

АҚШ Оман шығанағында ирандық танкерге шабуыл жасады

发布:5/7/2026 阅读:1

itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) Оман шығанағы маңында америкалық күштердің Иран туы ілінген танкерге шабуыл жасағанын мәлімдеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

X әлеуметтік желісінде жарияланған мәлімдемеге сәйкес,Hasna танкері халықаралық су арқылы Иран портына қарай бет алған кезде бақылауға алынған. Америкалықтар кемеге блокаданы бұзғаны туралы ескерту жасаған.

"Hasna экипажы бірнеше мәрте жасалған ескертуді орындамағаннан кейін,америкалық күштер танкерді істен шығарды. Ол үшін USS Abraham Lincoln (CVN 72) әуе кемесінен көтерілген АҚШ Әскери-теңіз күштерінің F/A-18 Super Hornet ұшағы 20 миллиметрлік зеңбіректен бірнеше рет оқ атты. Hasna енді Иранға қарай қозғалысын жалғастырмайды",- делінген жарияланымда.

Қолбасшылық өкілдері Иран порттарына кіруге немесе ол жерден шығуға тырысқан кемелерге қарсы америкалық блокада әлі де күшінде екенін айтты.

АҚШ Әскери-теңіз күштері Ормуз бұғазындағы блокаданы 13 сәуірде бастаған. Вашингтонның мәлімдеуінше,Иранмен байланысы жоқ кемелер,егер Тегеранға өту үшін ақы төлемеген болса,бұғаз арқылы еркін өте алады.

传播你的梦想,是我的使命

精准触达,高效发声,让每一次发布都有回响,把专业的事,交给专业的人,助你专注核心,我们搞定传播。

微信扫一扫 立即联系我们