登录以查看您的控制台资源

新闻通稿 SEO营销 媒体监测

联系我们

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

发布:5/7/2026 阅读:1

itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

1

Сардарлар мен сарбаздардың,барлық күштік құрылым қызметкерлерінің бітімгерлік миссиялар,арнаулы оқу-жаттығу жиындары мен түрлі халықаралық сайыстар кезіндегі кәсіби шеберлігі,темірдей тәртібі мен жауынгерлік даярлығы – соның айқын дәлелі.

Қуатты әскеріміз ең күрделі міндеттерді орындауға қашанда дайын екені сөзсіз. Сондықтан мемлекет еліміздің қорғаныс қабілетін күшейтуге және әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға әрдайым баса мән береді.

Жаңа Конституцияда "Қазақстан Республикасын қорғау – оның әр азаматының қасиетті парызы мен міндеті" деп жазылды.

Осы аса маңызды тұжырым мемлекет пен халықтың тығыз байланысын,ел тағдырына әрбір отандасымыздың жауапты екенін аңғартады.

Біз Отанға қалтқысыз қызмет ету қағидатын және Конституцияда айқындалған мызғымас құндылықтарды негізге ала отырып,сан ғасырлық тарихы бар мемлекеттілігіміздің тұғырын нығайта түсеміз,биік мақсат-мұратымызға жетіп,Әділетті,Күшті,Қауіпсіз Қазақстанды құрамыз. Мен бұған кәміл сенемін.

Антына адал болып,табандылық танытып,мінсіз қызмет етіп жүрген Отан қорғаушыларымызға алғыс айтамын.

Барша азаматтарымызға мықты денсаулық,амандық және табыс тілеймін!

Армиямыздың айбыны,халқымыздың ынтымағы арта берсін!

Қастерлі Тәуелсіздігіміздің тұғыры бекем болсын!" — делінген құттықтау мәтінінде.

Қазақстанда Отан қорғаушы күні 7 мамырда атап өтіледі. Бұл күні 1992 жылғы 7 мамырда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлттық қарулы күштерді құру туралы жарлыққа қол қойылды.

传播你的梦想,是我的使命

精准触达,高效发声,让每一次发布都有回响,把专业的事,交给专业的人,助你专注核心,我们搞定传播。

微信扫一扫 立即联系我们