itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

1
Мақта-мата кластерінің алғашқы кезеңінде 360 миллион долларға жуық тікелей шетелдік инвестиция тартылып,4 мыңнан аса жұмыс орны ашылмақ.

Мемлекет басшысы кластер еліміздің оңтүстік өңірінде агроөнеркәсіп кешенін және жеңіл өнеркәсіпті дамыту тұрғысынан маңызды екенін атап өтті.
Президенттің пікірінше,жергілікті тұрғындар арасынан білікті маман даярлау ісіне мән беру керек.
Қасым-Жомарт Тоқаев су үнемдеу технологияларын кеңінен пайдаланудың өзектілігіне назар аударды,сондай-ақ мақта өндірісінің шығынын ескере отырып,аталған салаға "ақылды" цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні енгізуді құптады.
Мемлекет басшысы Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін дамытуға айрықша үлес қосқаны үшін Чжан Цихайды II дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.
微信扫一扫 立即联系我们