登录以查看您的控制台资源

新闻通稿 SEO营销 媒体监测

联系我们

Тоқаев Қазақстан Қарулы күштерінде түбегейлі реформа жүргізілетінін жариялады

发布:5/6/2026 阅读:2

itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Қарулы күштерінде түбегейлі реформалар жүргізілетінін жариялады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Біз кез келген қақтығыс дипломатиялық жолмен,келіссөздер арқылы шешілуге тиіс деп есептейміз,әрқашанда "ас пен тас" стратегиясын жүргізуге дайын болуымыз қажет. Біз халықаралық құқық қағидаттары мен нормалары қатаң сақталуы керек деп санаймыз. Қазақстан әлемнің барлық елімен достық қарым-қатынасын нығайта береді. Осы мызғымас ұстанымдар жаңа Ата заңымызда нақты айқындалды. Бірақ бұл қамсыз отыру қажет деген сөз емес.

Еліміз түрлі сын-қатердің алдын алуға және кез келген қауіпке төтеп беруге дайын болуға тиіс. Сондықтан мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін күшейтіп,әскерімізді ең бірінші кезекте технологиялық тұрғыдан жаңғырта беруіміз қажет. Бұл – қазіргі тұрақсыз,құбылмалы заманның талабы,соны ескере отырып,ең алдымен,Қарулы күштерімізді және әскери мекемелерімізді түбегейлі реформалау керек. Бұл – стратегиялық маңызы зор міндет,оны созбай,екі жыл ішінде орындау қажет",– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

传播你的梦想,是我的使命

精准触达,高效发声,让每一次发布都有回响,把专业的事,交给专业的人,助你专注核心,我们搞定传播。

微信扫一扫 立即联系我们