登录以查看您的控制台资源

新闻通稿 SEO营销 媒体监测

联系我们

Президент қорғаныс қабілетін күшейту туралы міндет қойды

发布:5/6/2026 阅读:2

itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі таңда армияны заман талабына сай нығайтып,еліміздің қорғаныс қабілетін арттыруға қажетті барлық шара қабылданып жатқанын айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент қауіпсіздік мәселелері,еліміздің қорғаныс қабілетін күшейту,қызметтердің беделін көтеру – негізгі мемлекеттік басымдықтар мен міндеттер екенін атап өтті.

"Соңғы жылдары әскери қызметшілерге,құқық қорғау және арнаулы органдар қызметкерлеріне кеңінен қолдау көрсетіліп келеді. Атап айтқанда,ипотекалық бағдарламалар іске қосылды,еңбекақы көлемі кезең-кезеңімен артып,әлеуметтік жеңілдіктер көбейді",- деді Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Күштік құрылымдар сапына жастарды көптеп тартып,кадрлық әлеуетті нығайту ісіне көңіл бөлініп жатқанын айтты.

"Мен әскери оқу орындарының үздік түлектерін ынталандыру жөнінде тапсырма бердім. Парламентте үздік білім алушыларға оқуды тәмамдаған кезде бірден "аға лейтенант" дәрежесін беруге қатысты тиісті түзетулер қарастырылып жатыр. Жалпы,биыл және келесі жылдар әскери білім беру сапасын арттыруға арналуы керек",– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

传播你的梦想,是我的使命

精准触达,高效发声,让每一次发布都有回响,把专业的事,交给专业的人,助你专注核心,我们搞定传播。

微信扫一扫 立即联系我们