itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

1
"Қазір уәкілетті мемлекеттік органдардың,Өнеркәсіп министрлігінің,облыс әкімдігінің мамандары жұмыс істеп жатыр. Комиссия мен сот-сараптама тобының шешімдері тергеуге бағыт береді және кінәлілерді қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдауға көмектеседі",- деп түйіндеді Әділов.
Еске сала кетейік,Өскемен тұрғындарын аспанға көтерілген қою түтін шошытқан болатын. Жарияланған кадрлардан будақтаған қалың түтінді көруге болады.
Желі қолданушылары жарылыс болуы мүмкін деп болжаған. ТЖМ мәліметінше,зауыттардың бірінің аумағында "шаң жинағыш құрылғы жарылып,артынан өрт шығып,нысан ішінара қираған". Алғашқы бөлімшелер келген кезде ашық жалын анықталды.
Алдын ала ақпарат бойынша,жедел жәрдем қызметкерлері төрт адамды ауруханаға жеткізгені айтылған еді. Кейін оқиға салдарынан екі адам қаза тауып,бесеуі жарақат алғаны хабарланды.
Оқиға орнында қырық өртсөндіруші мен 10 техника жұмыс істеп жатыр,залал көлемі анықталады.
Айта кетейік,5 мамырда өткен Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Өскемендегі жарылыс дерегі бойынша ТЖ және Экология министрліктеріне,сондай-ақ өңір әкімдігіне тиісті тапсырмалар берілгенін мәлімдеді. Жағдай премьер-министрдің бақылауында.
微信扫一扫 立即联系我们