登录以查看您的控制台资源

新闻通稿 SEO营销 媒体监测

联系我们

БАӘ-нің ОПЕК-тен шығуы теңгеге қалай әсер етеді: экономист үш сценарийді атады

发布:4/30/2026 阅读:3

itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

Қазақстандықтар үшін бұл басқаша сипат алуы мүмкін. Мәселен,көктемде БЖЗҚ шоттарында табыстылықтың төмендеуі тіркелді. Қазақстан Ұлттық банкі бұл шығын емес,теңгенің нығаюына байланысты инвестициялық табыстың азаюы екенін түсіндірді. Себебі қор активтерінің шамамен 40 пайызы шетел валютасында орналастырылған: доллар әлсірегенде табыстылық та төмендейді.

Жалпы алғанда,мұнай нарығындағы тұрақсыздық экономика үшін тәуекелдерді күшейтеді. Бағаның күрт ауытқуы инфляцияға,инвестициялық белсенділікке және қаржы нарықтарына әсер етеді. Мұнай кірістеріне тәуелділік елді сыртқы соққылар алдында осал етеді.

Бұл ретте 2026–2028 жылдарға арналған бюджетте базалық параметрлер бекітілген: мұнай бағасы барреліне 60 доллар деңгейінде және доллар бағамы 540 теңге. Экспорттық кірістер,әлеуметтік төлемдер және мемлекеттік шығыстар дәл осы бағдар негізінде есептеледі.

Еске сала кетейік,бұған дейін сарапшылар Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) ОПЕК пен ОПЕК+ құрамынан шығуына ұйым ішіндегі қордаланған келіспеушіліктер мен Әмірліктердің көңілінен шықпаған өндіріс шектеуі себеп болды деген пікір білдіргенін жазған болатын. Неге ел дәл қазір шығуға шешім қабылдады және бұл әлемдік мұнай нарығына қалай әсер етуі мүмкін екенін мына сілтеме бойынша материалдан оқыңыз.

传播你的梦想,是我的使命

精准触达,高效发声,让每一次发布都有回响,把专业的事,交给专业的人,助你专注核心,我们搞定传播。

微信扫一扫 立即联系我们