itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

1
"Біз Қазақстанды стратегиялық серіктес санаймыз. Бірлескен күш-жігердің арқасында екіжақты тауар айналымының көлемін арттырамыз деп сенемін. Ең алдымен,энергетика саласындағы ықпалдастықты нығайтқымыз келеді. Сіздің елден ұзақ мерзімді мұнай тасымалына мүдделіміз. Энергетика саласын дамыту стратегиямыз атом энергиясына арқа сүйейді. Сондықтан Қазақстанға әлемдегі уран өндіретін ірі мемлекет ретінде де қызығушылық танытамыз",– деді Чехия премьер-министрі.
Чех Үкіметінің басшысы Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі қуат өндірудің әртараптандырылған тәсіліне негізделгеніне мән берді.
Сондай-ақ ол чех компанияларының аталған салада бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін растады.
Андрей Бабиш Қасым-Жомарт Тоқаевты жаңа Конституция қабылдау бойынша референдумның табысты өтуімен құттықтап,бұған мемлекеттілікті нығайтатын және елді жарқын болашаққа жетелейтін маңызды қадам ретінде баға берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш өнеркәсіп,мұнай-газ,атом энергиясы,көлік-логистика,қорғаныс өнеркәсібі,цифрландыру,ауыл шаруашылығы және денсаулық сақтау салаларындағы өзара ынтымақтастық перспективаларын талқылады
Әңгімелесу барысында екі ел арасындағы қарым-қатынас тек экономикамен шектелмейтіні,ортақ тарихи оқиғалар мен мәдени-гуманитарлық байланыстарға негізделетіні жайында айтылды.
Мемлекет басшысы қазақ даласына Пржевальский жылқыларын қайта жерсіндіруді көздейтін бірегей жобаға атсалысқаны үшін чехиялық әріптестеріне ризашылығын білдірді.
Президент Өңірлік экологиялық саммитте бұл бастаманы еліміздің биоалуантүрлілікті сақтау саласында жеткен жетістіктерінің бірі ретінде атаған болатын.
Премьер-министр Қазақстан азаматтарына виза режимін жеңілдету мәселесіне Чехияның екіжақты деңгейде және Еуропа Одағы аясында ықпал етуге ниетті екенін жеткізді.
Келіссөз қорытындысы бойынша тараптар жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты іске асыру үшін жобалар тізімін әзірлейді.
Андрей Бабиш Қасым-Жомарт Тоқаевты өзіне ыңғайлы уақытта Чехияға сапармен келуге шақырды. Мемлекет басшысы бұл ұсынысты ықыласпен қабыл алды.
微信扫一扫 立即联系我们