itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

1
"Аталған дәмханада түнгі уақытта туған күн тойланғаны анықталды. Мерекелік тортты безендіру үшін майшам-фейерверк (тортқа арналған пиротехникалық бұйымдар) қолданылған,соның салдарынан жылу әсерінен үй-жайдың тез тұтанғыш сәндік элементтері өртенген",– деп хабарлады Алматы ТЖД баспасөз қызметі.
Мейрамхана иесі бірден екі бап бойынша жауапкершілікке тартылды:
ӘҚБтК-нің 410-бабы 1-бөлігі – "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу" (ғимарат ішінде пиротехниканы қолдану);
"Азаматтық қорғау туралы" Заңның 16-бабы – өртке қарсы қызметке өрт туралы хабарламау.
Бұл заңбұзушылықтардың әрқайсысы үшін 15 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған. Осылайша,ТЖД өндірілген айыппұлдың жалпы сомасы 30 АЕК (2026 жылға 129 750 теңге) болғанын нақтылады.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің (@112almaty) жарияланымы
Тағы оқыңыз: Алматы саябағындағы түнгі отшашу қайғылы жағдайға ұласа жаздады
微信扫一扫 立即联系我们