itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

1
Әзірлеушілер көлденең мансап сатысымен ілгерілеу цифрлық форматта,адам факторының қатысуынсыз автоматты түрде жүзеге асатынына уәде береді. Бұл процестің ашықтығы мен бақылауды қамтамасыз етеді.
Басқа да маңызды жаңашылдықтардың қатарында - мемлекеттік қызметшілерді басқа елді мекенге ауыстырған кездегі төлемдер,соның ішінде көтерме жәрдемақы мен көшу шығындарын өтеу бар.
"Кемінде 25 жыл еңбек өтілі бар және мемлекеттік немесе ведомстволық наградалары бар қызметкерлер үшін зейнетке шыққан кезде біржолғы сыйақы (төрт лауазымдық жалақы мөлшерінде) қарастырылған",- деп толықтырды Евгений Больгерт.
Мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты қосымша ақылы демалыс күндері енгізіледі: 10 жылдан астам өтіл үшін - үш күн,15 жылдан астам - бес күн және 20 жылдан астам - он күн. Отбасы жағдайына байланысты 10 күнтізбелік күнге дейін қысқа мерзімді ақылы демалыстар қарастырылған.
"Қызметінен заңсыз босатылған немесе лауазымы төмендетілген жағдайда қызметіне қайта орналасқан мемлекеттік қызметшілерге алты айдан аспайтын мерзімге жалақы мөлшерінде немесе жалақы айырмашылығы түрінде кепілдіктер мен өтемақы төлемдерін белгілеу",- деді сенатор.
Заң тәртіптік жауапкершілік жүйесін жетілдіреді: жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескере отырып,икемді тәсілдер енгізіледі,жауапкершілікті жоққа шығаратын жағдайлар анықталады,сондай-ақ жазалардың қолданылу мерзімдері (2 айдан 6 айға дейін) белгіленеді.
Бұдан бөлек,ескертулер,әңгімелесулер және құзыреттерді тексеру сияқты профилактикалық ықпал ету шаралары енгізіледі. Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби қызметке заңсыз араласудан қорғау кепілдіктері күшейтіледі.
微信扫一扫 立即联系我们