itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

1
Бұған дейін қырғызстандық БАҚ бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктерден ІІМ-де екі күн бойы жауап алынғанын хабарлаған болатын.
Еске сала кетейік,ақпан айында 75 адамның Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Жоғарғы Кеңес төрағасына мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы үндеу жолдағаны белгілі болған еді.
10 ақпанда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров өзінің досы әрі серіктесі Қамшыбек Тәшиевті барлық лауазымынан босатты.
Қырғызстан басшысының баспасөз қызметі мәліметінше,"бұл қадамның басты мақсаты - мемлекет бірлігін нығайту және қоғамдағы,соның ішінде мемлекеттік құрылымдар арасындағы іріткіге жол бермеу". Бұл оқиға Қырғызстан президентіне мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы өтініш жасалған тұста болды. Жапаровтың баспасөз хатшысының айтуынша,Тәшиевтің жақын ортасындағы адамдар депутаттарға қоңырау шалып,оларды "генералдың жағына шығуға" және "президенттің жаңа сайлауын бастауға" үгіттеген.
Ташиевтің отставкасынан кейін күштік блок қайта құрылымдалды: оның орынбасарлары қызметінен айырылды,Шекара қызметі МҰҚК құрылымынан шығарылды,сондай-ақ тікелей президентке бағынатын жаңа Мемлекеттік күзет қызметі құрылды.
Кейінірек қылмыстық іс қозғалды. "75-тің хатына" қол қойғандардың бір бөлігі тергеу изоляторына қамалды. Оларға жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды деген айып тағылған.
微信扫一扫 立即联系我们