登录以查看您的控制台资源

新闻通稿 SEO营销 媒体监测

联系我们

Жаңаөзенде жер астынан биік субұрқақ атқылады - видео

发布:4/29/2026 阅读:3

itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

Жаңаөзенде мұнай өндіруші компания нысанында апат болды. Куәгерлер жер астынан атқылаған үлкен субұрқақты видеоға түсіріп алған. Өңірдің экология департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді,деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Департаменттің мәліметінше,27 сәуір күні сағат 15:15 шамасында "Өзенмұнайгаз" АҚ-ның мұнай дайындау және өндірістік қызмет көрсету басқармасына қарасты №4 теңіз сорғы станциясында құбыр жарылған.

"Зақымдану салдарынан тесік пайда болып,су атқылай бастаған. Жер қойнауын пайдаланушы болған оқиға туралы сол күні сағат 18:24-те хабарлады",- деді ведомство өкілдері.

Алдын ала мәліметтер бойынша,құбырдың жарылу себебі әлі анықталған жоқ. Қазіргі уақытта апат толығымен жойылды,зардап шеккендер жоқ.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

112 - Ақтау - Актау (@112_aktau) жариялаған жазба

Экология департаменті бұл дерек бойынша зертханалық-талдау бақылау мамандары қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізіп жатқанын атап өтті. Тексеру нәтижелері қосымша жарияланады.

传播你的梦想,是我的使命

精准触达,高效发声,让每一次发布都有回响,把专业的事,交给专业的人,助你专注核心,我们搞定传播。

微信扫一扫 立即联系我们