itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

мобильді құрылғыларды тіркеу ережелерінің жаңартылғанын хабарлады. Қазақстанда ұялы байланыс абоненттік құрылғыларын тіркеудің ақ,сұр және қара тізімдері енгізілді. Ақ тізімге верификациядан сәтті өтіп,деректер қорына енгізілген құрылғылар кірді. Сұр тізімге - мәртебесі қосымша тексеруді қажет ететін,бірақ желіде 30 күнге дейінгі мерзімге уақытша жұмыс істеуге рұқсат берілген аппараттар енді.
Қара тізімге идентификациялық коды қате немесе өзгертілген,зауыттық IMEI-і жоқ немесе халықаралық GSMA қара тізіміне енген құрылғылар ілікті.
Алайда кейінірек әлеуметтік желілерде қазақстандықтардың смартфондарды тіркеуге қатысты шағымдары қаптап кетті. Азаматтар шетелден немесе қолдан сатып алынған телефондардың пайдалануға жарамсыз болып жатқанын айта бастады. Жүйе IMEI-кодтарды қабылдамайды,ал нарықта бұл мәселені "төменірек" 30–50 мың теңгеге шешіп беруді ұсынатын делдалдар пайда болған.
微信扫一扫 立即联系我们