登录以查看您的控制台资源

新闻通稿 SEO营销 媒体监测

联系我们

ХҚКО-ға бармай, үйде түскен суретпен: Цифрландыру министрлігі онлайн-қызметтегі ақауды түсіндірді

发布:4/29/2026 阅读:3

itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

1

Сурет неге қабылданбайды?

Журналистер мысал келтірді: қазақстандық жеке куәлікті онлайн ресімдемек болған,бірақ оның суреті қабылданбай,ХҚКО-ға баруға тура келген,ал онда суретке түсу үшін де кезек бар екені анықталған.

Ростислав Коняшкин мәселе бар екенін және оның жүйені жетілдіру жұмыстарымен байланысты екенін мойындады.

"Кез келген жаңа өнімді іске қосу кезінде сынақ кезеңі болатынын растаймыз. Жеке куәлікті қайта шығару пилоттық форматта іске қосылды және біз суреттер сапасын талдайтын модельді әлі де оқытып жатырмыз",- деді ол үкіметте өткен брифингте.

Оның айтуынша,дәл осы фотоны тексеру кезеңі сервистің "осал тұсы" болып қалып отыр.

"Қазір онлайн қайта рәсімдеудің сәтті өту көрсеткіші 50 пайыздан аспайды. Сәтті және сәтсіз жағдайлар бар,біз осы деректер жиынтығы негізінде модельді қосымша оқытып жатырмыз",- деп түсіндірді вице-министр.

Ол жүйені пысықтау үшін тағы бірнеше ай қажет болатынын айтты.

Неге әлі де ХҚКО-ға баруға тура келеді?

Министрлік онлайн-қызметтердің дамып жатқанына қарамастан,офлайн форматтан толық бас тарту әзірге мүмкін емес екенін айтты.

"Жүйе қате жұмыс істейтін жағдайлар болады,біз оны түзетіп жатырмыз. Сондықтан,егер адам ХҚКО-ға келсе,біз оны кері қайтармаймыз,керісінше өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы арқылы қызмет алуға көмектесеміз",- деді Коняшкин.

Сонымен қатар кейбір орталықта құжаттарды рәсімдеуге арналған өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары орнатылып қойған.

"Біз бұл тәжірибені оң деп санаймыз және оны биыл кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Бұл қызмет алу уақытын қысқартып,кезекті азайтуға мүмкіндік береді",- деп толықтырды вице-министр.

ХҚКО қызметкерлері азая ма?

ХҚКО қызметкерлерінің ықтимал қысқаруы туралы сұраққа жауап бере отырып,Коняшкин дәл қазір мұндай міндет тұрмағанын баса айтты.

"Біз қызметкерлерді қысқартамыз деп айтқан жоқпыз. Бірақ егер келушілер ағыны азайса,уақыт өте келе бұл олардың санына әсер етуі мүмкін",- деп түсіндірді ол.

Оның айтуынша,қазір орталықтарға түсетін жүктемеге тұрақты бағалау жүргізіліп жатыр,алайда қысқарту жүріп жатқан жоқ.

"Біздің мақсат - қызметтерді цифрландырып,ыңғайлы ету. Қалғанының бәрі - соның нәтижесі",- деп түйіндеді вице-министр.

Сондай-ақ цифрландыру министрлігі қазірдің өзінде ХҚКО-ларға түсетін жүктеме төмендегенін хабарлады,биыл бірінші тоқсанда өтініштер саны былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 30–35 пайыз азайған.

传播你的梦想,是我的使命

精准触达,高效发声,让每一次发布都有回响,把专业的事,交给专业的人,助你专注核心,我们搞定传播。

微信扫一扫 立即联系我们