itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

1
Вице-министр ХҚКО немесе өзге де ведомство қызметкерлерінің қатысы бар екендігі туралы алдын ала қорытынды жасаудың қажеті жоқтығын атап өтті.
"Мен бұл ХҚКО қызметкерлері деп нақтыламас едім. Жүйелердегі ақпаратқа қолжетімділік рөлдер бойынша бөлінеді. Егер біреу заң бұзса немесе деректерді заңсыз пайдаланса,оларға қатысты құқық қорғау шаралары жүргізіледі",- деді Ростислав Коняшкин.
Оның айтуынша,деректер тек ішкі жүйелер арқылы ғана емес,әртүрлі жолдармен жиналуы мүмкін.
"Дербес деректерді заңсыз жинау,соның ішінде,фишингтік сілтемелер,қоңыраулар,заңсыз сайттарға бағыттайтын және пайдаланушы деректерін жинайтын QR-кодтар арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ бұған дейін микроқаржы ұйымдары мен жеке ақпараттық жүйелерден жеке деректердің таралуы тіркелген болатын",- деп түсіндірді Коняшкин.
Цифрлық даму министрлігі дербес деректерді қорғауды күшейту және жауапкершілікті қатаңдату бағытында жұмыс істеп жатқандарын мәлімдеді.
"Дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша талаптарды белгілеп,оны бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Айыппұлдар қазірдің өзінде бірнеше есеге артты және бұл жұмыс жалғасатын болады. Жаппай жылыстауға әкеп соқтырған шараларды қолданбағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке дейін қатаңдату мәселесі қарастырылып жатыр",- деді вице-министр.
Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Оның нәтижелері туралы қосымша хабарлауға уәде берілді.
微信扫一扫 立即联系我们