itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

1
"Егер бұрын қызметкер 70 мың теңге алатынын көрсетіп,қалғанын конвертпен алса,яғни алиментті ең төменгі жалақыдан төлесе,енді біз былай жасағымыз келеді: жасанды интеллект бізге есептеуге көмектеседі. Мысалы,азамат - инженер,Астанада жұмыс істейді,ол қалайша 200 мыңнан аз алуы мүмкін? Тиісінше,қалған ақшаны конвертпен алуы ықтимал",- деді Молдабеков.
Оның айтуынша,Әділет министрлігі Қаржы министрлігімен бірлесіп бухгалтерлерге арналған push-хабарламаларды дайындаған.
"Біз оларға хабарлама жіберіп,қызметкеріңіздің осындай дипломы мен біліктілігі бола тұра өте аз жалақы алатынын айтамыз. Қосымша ақшаны конвертпен беріп отыр деп есептейміз. Әрине,бірде-бір бухгалтер салық комитетінен тексеру келгенін қаламайды",- деді вице-министр.
Молдабеков мұндай жағдайда жұмыс берушілерге қызметкердің нақты жалақысын көрсеткен тиімдірек болатынын,ал алимент мәселесін борышкердің өзі шешуі тиіс екенін атап өтті.
"Біздің міндетіміз - алимент төлемдері нақты сомадан болуы үшін,балалар сол ақшаны алуы үшін цифрландыру мен жасанды интеллектті қолдану",- деді ол.
Бұған дейін Әділет министрлігі алимент бойынша борышкерлердің нақты табысын бақылауға Мемлекеттік кірістер комитетін тартуды ұсынғанын жазған болатынбыз. Ведомстводағылар кейбір борышкерлердің ресми түрде ең төменгі жалақыны көрсетіп,іс жүзінде одан көп алатынын,балалардың төмендетілген сомадан алимент алуына дәл осы жағдай себеп болып отырғанын түсіндірді.
Депутат Магеррам Магеррамов алимент қоры тақырыбын бірінші рет көтеріп отырған жоқ. Бұған дейін ол бала төлемдерді уақытылы алуы үшін,ал мемлекет кейін қарызды борышкердің өзінен өндіріп алуы үшін мемлекеттік алимент қорын құруды ұсынған болатын.
Магеррамов бұған дейін келтірген мәліметтерге сүйенсек,2023 жылы алимент бойынша берешек 20,7 миллиард теңгеден асқан,ал алимент өндіру туралы 8 мыңнан астам сот шешімі мүлдем орындалмаған. Ол кезде де депутат осыдан сегіз жыл бұрын қарыз көлемі шамамен 2 миллиард теңге болғанын еске салған еді.
Бүгін,29 сәуірде сөйлеген сөзінде депутат қазіргі уақытта мерзімі үш айдан асқан берешек 18 миллиард теңгеге жеткенін,ал 300 мыңнан астам бала алиментке мұқтаж екенін айтты.
微信扫一扫 立即联系我们