登录以查看您的控制台资源

新闻通稿 SEO营销 媒体监测

联系我们

“Білуіміз керек“: Депутат Базарбек “жағымсыз“ құжатты көрсетті

发布:4/29/2026 阅读:3

itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

1

Мысал ретінде ол Бас прокуратураның ұсынысындағы ЖСО-лардың шоттардан ақша жымқырған,соның ішінде кәмелетке толмаған балалардың алиментіне арналған қаражатты иемденген жағдайларын атады.

"ЖСО алиментке,тәрбиеленушіні асырауға бағытталған ақшаны жымқырып,өз қажетіне жұмсаған. Павлодар облысында ЖСО үш жыл бойы кәмелетке толмаған балаларға алимент төлеуге арналған ақшаны иемденіп келген",- деді Базарбек.

Сонымен қатар депутат Алматыда 9 жеке сот орындаушысы ағымдағы шоттан 23 миллион теңгені алғанын,Қарағанды облысында 110 миллион теңгенің заңсыз алынып,жұмсалғанын мәлімдеді. Ақмола облысында үш жеке сот орындаушысы бюджетке аударылуы тиіс сомаларды иемденіп кеткен.

Базарбектің сөзінше,Батыс Қазақстан облысында қаражаттың жеке сот орындаушыларының жұбайлары мен жақын туыстарына аударылу фактілері анықталған. Сондай-ақ депутат 16 ЖСО ақша аудармай,"олардың іс жүзінде жоғалып кеткеніне" қатысты 134 фактіні атап өтті.

Базарбек Бас прокуратураның ұсынысынан кейін неге заңбұзушылардың барлығы бірдей жауапкершілікке тартылмағанына наразылық білдірді.

"88 ЖСО-ның бар болғаны 9-ы ғана... арасында бұл ақшаны іс жүзінде иемденіп алғандар бар,олар жауапкершіліктен босатылған. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалған жоқ,лицензиясынан айыру бойынша іс жүргізу басталмады. Әділет министрлігі бұл лицензиялардан айыру туралы талап арыздарды жолдаған жоқ",- деді депутат.

Оның айтуынша,дәл осы себепті қабылданып жатқан заң жобасы "атқарушылық іс жүргізу саласын жосықсыз жеке сот орындаушыларынан тазартуға" тиіс.

Базарбек түзетулер атқарушылық іс жүргізуде азаматтардың қорғалуын күшейтетінін атап өтті. Атап айтқанда,борышкерлерді үйден шығару туралы 10 күн бұрын хабардар ету,егер ұсыну мерзімі өтіп кетсе,мәжбүрлеп орындау шараларын тоқтату,сондай-ақ мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақылар мен өзге де әлеуметтік төлемдерден өндіріп алуды 25 пайыздан асырмау ұсынылады.

Сонымен қатар заң жобасында ЖСО жауапкершілігін күшейту ұсынылады: білімін тексеруді қоса алғанда аттестация енгізу,көмекшілер мен стажерларға қойылатын талаптарды қатаңдату,әділет органдарының жеке сот орындаушыларының қызметін бақылау жөніндегі өкілеттіктерін кеңейту,сондай-ақ ЖСО-ның шоттары бойынша банктік үзінді көшірмелерді талап ету құқығын беру көзделген.

"Бұл заң жобасымен біз өндіріп алушының емес,қарапайым азаматтың мүддесін бірінші орынға қоямыз. Адамды бірінші орынға қоятын уақыт келді",- деп түйіндеді Базарбек.

传播你的梦想,是我的使命

精准触达,高效发声,让每一次发布都有回响,把专业的事,交给专业的人,助你专注核心,我们搞定传播。

微信扫一扫 立即联系我们