itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

1
"Ұлттық банк инфляцияның баяулау қарқынын,ішкі сұраныс динамикасын,бюджет шығындарының нақты орындалуын бақылауды жалғастыра береді. Сондай-ақ,фискалдық ынталандыру шаралары,реттелетiн бағалардың параметрлері мен сыртқы нарықтағы ахуалдың инфляциялық процестерге әсері тұрақты бағаланып отырады. Егер қазіргі үрдістер сақталып,күтпеген жағдайлар орын алмайтын болса,Ұлттық банк алдағы шешімдерінде базалық мөлшерлемені төмендету мүмкіндігін қарастыруға дайын",- деп хабарлады реттеушінің баспасөз қызметі.
Ұлттық банк Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2026 жылғы 5 маусымда Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.
Базалық мөлшерлеме – Ұлттық банк ақша-кредит саясатының басты құралы. Ол банктердің ақшаны қандай пайызбен қарызға ала алатынын көрсетеді және көбіне халық пен бизнес үшін кредиттер мен депозиттер бойынша пайыздардың қандай болатынын айқындайды.
Ұлттық банктің бағалауынша,оның өзгеруі инфляция деңгейіне бірден емес,шамамен 12-18 айдан кейін айтарлықтай әсер ете бастайды. Қысқа мерзімді перспективада мөлшерлеме өзгерісінің тиімділігі әлсіздеу болады.
Бұған дейін Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты жоспарын бөлісті. Реттеуші ақпарына сәйкес,ол қазіргі ақша-кредит жағдайын,соның ішінде базалық мөлшерлемені 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін сақтауға ниетті.
Базалық мөлшерлеменің өзгеруі ақша нарығындағы пайыздық мөлшерлемелер мен айырбас бағамы арқылы инфляция деңгейіне әсер етеді. Базалық мөлшерлеме көтерілгенде,экономикадағы ақша "қымбаттайды" – кредиттер мен қарыздар бойынша пайыздар өседі. Нәтижесінде бизнес те,халық та аз жұмсап,көбірек жинай бастайды. Тұтынудың төмендеуі баға өсімін бәсеңдетеді,яғни инфляцияны тежейді.
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендеткенде,ақша арзандайды. Қысқа мерзімде бұл әдетте теңгенің әлсіреуіне әкеледі – валюта нарығына қатысушылар бағамның төмендеуін күтіп,ұлттық валютаға қарсы ойнай бастайды. Ұзақ мерзімді перспективада мөлшерлеменің төмендеуі инфляцияны бәсеңдетуі мүмкін,бұл,керісінше,теңгенің нығаюына септігін тигізеді.
微信扫一扫 立即联系我们