itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

1
Мәлімет бойынша,қылмыстық іс сотқа мамыр айында жіберілуі мүмкін. Қаза тапқандардың туыстары ашық сот процесін өткізуді талап еткен.
Бұған дейін аймақтық прокуратурадан Ақбаян Мұқанғалиеваның стационарлық кешенді сот-психологиялық-психиатриялық сараптама жүргізу үшін Алматыдағы Сот сараптамасы институтына жіберілгенін білген едік.
Күдікті мәртебесіне қарамастан,Мұқанғалиеваға әлі де нақты айып тағылған жоқ және бұлтартпау шарасы таңдалмаған.
"Күдіктілердің іс-әрекетіне түпкілікті құқықтық баға істің барлық мән-жайы анықталып,тағайындалған сараптамалардың нәтижелері алынғаннан кейін беріледі",– деп мәлімдеді прокуратура ресми сауалға берген жауабында.
8 сәуірде Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Мұқанғалиеваға қатысты сараптама тағайындауға оның мінез-құлқы негіз болғанын айтты.
"Бізде тағайындауға негіз бар – бұған оның мінез-құлқы да,алғашқы айғақтары да себеп болды. Қазір босы сараптаманы тағайындау туралы шешім қабылдадық",– деген еді ол.
Сұлтан Сәрсемалиевке Қылмыстық кодекстің бірден үш бабы бойынша айып тағылған:
99-баптың 2-бөлігі 1 және 13-тармақтары "Екі немесе одан да көп адамды өлтіру";
188-баптың 2-бөлігі "Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған ұрлық";
190-бап "Алаяқтық".
Прокуратураның мәліметінше,ұрлық пен алаяқтық эпизодтары қаза тапқандардың жеке заттарын жымқыру және олардың малын заңсыз сату фактілерімен байланысты.
Атырау облысы Жангелдин ауылындағы бір отбасының жаппай өлтірілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр. 2025 жылғы желтоқсанда туыстары зейнеткер ерлі-зайыпты мен олардың ересек балаларының жоғалып кеткені туралы хабарлаған.
Сол кездегі мәлімет бойынша,отбасы үйден белгісіз бағытқа шығып кетіп,содан бері олардың қайда екені белгісіз болған.
Фото: полицияның баспасөз қызметі
Фотоны дереккөз арнайы Tengrinews.kz үшін ұсынды
Сол кезде қаза тапқан отбасының жақындары редакция тілшісіне Ақбаян Мұқанғалиеваның Атыраудағы психиатриялық мекемеге жіберілгенін хабарлаған еді.
Қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр.
微信扫一扫 立即联系我们