itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

1
"Ол аялдамаға одан бұрын келген. Жазбада оның сәтті күткені көрінеді: көліктердің жоқтығын аңдып,жан-жағына қараған. Бұл кездейсоқ болған нәрсеге ұқсамайды",- деп қосты ол.
Шабуылдан кейін зейнеткер ес-түссіз қалған. Оқиға кезінде маңайда ешкім болмаған. Шабуылдаушы кетіп қалған,тек біраз уақыттан кейін ғана оқиға орнына куәгерлер келген.
Көршісі зардап шеккен әйелге қауіпсіз жерге жетуге көмектескен,содан кейін жедел жәрдем мен полиция шақырылған.
Туыстары полицияға бейнебақылау камераларының жазбаларын берді,онда ер адамның қай бағытқа кеткені көрінеді. Туысқанының айтуынша,оның жүрген жолын аудандағы бірнеше камера арқылы бақылауға болатын еді.
"Жазбаларды өзіміз таптық. Онда оның ары қарай қайда кеткені көрінеді - жақын маңда мектеп,мекемелер,жеке үйлер бар,камералар көп",- деді әйел.
Оқиға таңғы сағат 6-да болған. Шабуыл жасаған адам сол күні кешке табылды. Бұған дейін полиция ер адам ұсталғанын хабарлады.
Отбасында шабуылдаушының кім екені туралы нақты ақпарат жоқ. Сонымен қатар,жергілікті тұрғындардың айтуынша,ол осы ауданда бірнеше рет байқалған.
"Маған өте көп адам оны көргендерін жазды. Жақын маңдағы дүкендерге жиі баратынын айтты. Кейбіреулер оның денсаулығында кінәрат болуы мүмкін дейді,бірақ бізде расталған ақпарат жоқ - мұны тиісті органдар анықтауы тиіс",- деді сұхбат беруші.
Туыстары полицияға арыз жазды және әділдікке қол жеткізуге ниетті.
"Біз бұл істің аяқсыз қалмағанын қалаймыз. Өйткені бүгін бұл жағдай біздің жақынымыздың басына түссе,ертең оның орнында кез келген адам болуы мүмкін еді. Ол бала немесе басқа да қарт адам болуы ықтимал",- деді ол.
Қазір әйел жеке клиникада жатыр. Туысының айтуынша,оның жағдайы тұрақты,бірақ жарақаттары ауыр және қалпына келу үшін уақыт қажет.
"Қазір жағдайы тұрақты,бірақ алда ұзақ оңалту процесі күтіп тұр. Көптеген тігістер салынды,беті қатты зақымдалған. Кеше ол көзін де,аузын де мүлдем аша алмады - соққыдан бәрі ісіп кеткен. Бүгін жағдайы сәл жақсарды,есін біледі,сөйлеп жатыр",- деді сұхбат беруші.
Ішкі мүшелері ауыр зақымнан аман қалғанымен,салдары бәрібір ауыр. Әйелдің қан қысымы көтеріліп тұр,мұндай жағдай бұрын болмаған,ұйқысы бұзылған.
Жақындары оның физикалық жағдайынан бөлек,психологиялық күйіне де алаңдаулы.
"Ол бұл жағдайды үнемі ойлап,көз алдына елестете береді. Оның түрін өте жақсы есте сақтап қалған. Жасына қарамастан,бізге психологқа жүгінуге тура келетін шығар. Ол үшін бұл - үлкен күйзеліс,себебі өмірінде мұндай жағдай ешқашан болмаған",- деді туысы.
Дәрігерлер кем дегенде бірнеше апта бойы төсек режимін тағайындады. Отбасы әйелді интернеттегі ақпарат пен талқылаулардан аулақ ұстау үшін оның телефон пайдалануын уақытша шектеген.
"Қазір біз үшін ең бастысы - оның сауығып кетуі. Дәрігерлер қанша уақыт қажет десе,ол сонша уақыт емделеді. Ал кейін біз бұл адамның тиісті жауапқа тартылуына қол жеткіземіз",- деп түйіндеді сөзін сұхбат беруші.
Әлеуметтік желілерде видео жарияланды,онда жас жігіттің аялдамада тұрған қарт әйелге жақындап келіп,оны жұдырықпен аяусыз ұра бастағаны,ал ол құлаған кезде басынан тепкені көрінеді.
Жәбірленушінің қызы әлеуметтік желіде жігіттің еш себепсіз шабуыл жасағанын жазды.
"Ол артынан келіп,айналада ешкім жоқ сәтті күтіп,оны жайдан-жай аяусыз,хайуандықпен ұра бастаған. Қазір анам ауруханада жатыр. Жағдайы өте нашар. Бұл видеоны көру ауыр. Бірақ оны көру керек. Мен мұны қаралым жинау үшін жариялап отырған жоқпын. Бұл туралы мүмкіндігінше көп адам білсе деймін",- деп жазды ол.
Зейнеткердің отбасы ер адамның үстінен арыз жазды,содан кейін полицейлер күдіктіні ізін суытпай ұстады.
Тағы оқыңыз: Адам өлтіргені үшін соттылық және шизофрения: Алматыда зейнеткерді соққыға жыққан ер адам туралы не белгілі?
微信扫一扫 立即联系我们