登录以查看您的控制台资源

新闻通稿 SEO营销 媒体监测

联系我们

Алматының бұрынғы бас сәулетшісі өзін үйқамаққа ауыстыруды сұрады

发布:4/22/2026 阅读:2

itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

1

Істі тоқтатудан бас тартылған жағдайда,қорғаушылар сотталушыларды тергеу изоляторынан босатуды талап етті. Адвокаттар бұлтартпау шарасын қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес түрге ауыстыруды сұрады. Сондай-ақ Алмазхан Бәкіровтің де үшінші топтағы мүгедек екенін және тұрақты медициналық бақылауға мұқтаж екенін атап өтті.

Сот қандай шешім шығарды?

Судья Бақытжан Бәкірбаев сотталушыларды қамаудан босатуға негіз таппады. Сот іс жаңа айыптау актісімен түскендіктен,қамауда ұстау мерзімі 2026 жылдың 7 сәуірінен бастап қайта есептеле бастағанын түсіндірді.

Бұдан бөлек,сот Ахмеджанов пен Бәкіровтің денсаулығының нашарлығы туралы уәждерді қабылдамай,оларға тіпті оқшауланған жағдайда да медициналық көмек көрсетілуі мүмкін екенін атап өтті.

"Шұғыл медициналық көрсеткіштер болған жағдайда науқас ауруханаға жатқызу мәселесін шешу үшін аумақтық медициналық ұйымға жеткізіледі. Осылайша,қолданыстағы заңнамада қамауда отырған адамдарға медициналық стационар жағдайында емдеу тәртібі қарастырылған",– делінген сот қаулысында.

Осылайша,Алмасхан Ахмеджанов,Ардақ Самамбетов,Ерлан Жармұханбетов және Алмазхан Бәкіров қамауда қалады,ал Мұханбетәлі Шалқарбеков пен Берік Өскембаев – кепілде.

Бұрынғы бас сәулетші не үшін сотталды?

2025 жылғы 17 ақпанда Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты іс бойынша алты қатысушыны жер махинацияларына кінәлі деп тапты.

Сотталғандарға келесідей жазалар тағайындалды:

Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының бұрынғы басшысы Алмасхан Ахмеджанов аса ірі мөлшердегі алаяқтыққа жәрдемдескені және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жер қатынастары басқармасының экс-басшысы Ардақ Самамбетов аса ірі мөлшерде жымқыру және алаяқтыққа жәрдемдесу баптары бойынша 10 жылға сотталды.

Жерге орналастыру бөлімінің бұрынғы басшысы Ерлан Жармұханбетов жымқыруға жәрдемдесу,алаяқтық,пара алуға оқталу және өкілеттігін асыра пайдалану баптары бойынша 14 жылға бас бостандығынан айырылды.

"BAB Assessment" компаниясының бағалаушысы Алмазхан Бәкіров жымқыруға жәрдемдесу,пара беруге оқталу және өкілеттігін асыра пайдалану баптары бойынша 8 жылға сотталды.

Кәсіпкер Берік Өскембаев пен "Ақ жол" партиясы Жамбыл филиалының басшысы Мұханбетәлі Шалқарбеков алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып,әрқайсысы бес жылға шартты түрде сотталды.

Бірінші үкім неге жойылды

2026 жылғы 25 ақпанда апелляциялық алқа бірінші сатыдағы соттың 2025 жылғы 17 ақпандағы үкімінің күшін жойды.

Сот кабинетіндегі материалдарға сәйкес,сот тергеуінің толық болмауы және процессуалдық заңбұзушылықтар бұған себеп болған.

Сондай-ақ алқа бірінші сатыдағы соттың Алматы әкімінің атына сотталғандардан 6 миллиард 404 миллион теңгеден астам соманы өндіру туралы азаматтық талап арыз қозғау жөніндегі жеке қаулысының күшін жойды.

传播你的梦想,是我的使命

精准触达,高效发声,让每一次发布都有回响,把专业的事,交给专业的人,助你专注核心,我们搞定传播。

微信扫一扫 立即联系我们