登录以查看您的控制台资源

新闻通稿 SEO营销 媒体监测

联系我们

Ақтөбе маңындағы су құбырына 1,5 миллиард бөлінді, бірақ тұрғындар әлі жалғыз құдыққа барып жүр

发布:4/22/2026 阅读:2

itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

1

"Бұл өмір емес,тірі қалудың қамы. Қыста балалардың шанамен су тасып жүргенін көріп ішің ашиды. Өздері кіп-кішкентай,әзер адымдайды. Көп дегенде 20 литр әкеледі,бітті. Ол не су болады? Ештеңеге жетпейді ғой",– деп кейіді жергілікті жұрт.

Фото Tengrinews.kz
Жергілікті тұрғындар 2025 жылы биліктің су жеткізуді ұйымдастырғанын,бірақ қатаң шектеу қойғанын айтады: арнайы техника аптасына екі рет келіп,бір отбасына 200 литрден артық су бермейді. Массив тұрғыны Зада бұл көлемнің қарапайым қажеттіліктерге де жетпейтінін айтады."Мына 200 литр деген ештеңеге жетпейді. Бір рет кір жууға немесе тамақ істеуге ғана болады. Одан кейін не істейміз? Тағы да барамыз. Біз үнемі өмір туралы емес,су туралы ойлаумен боламыз",– дейді әйел.

1,5 миллиардтық ұзаққа созылған құрылыс: әкімдік не дейді?

Тұрғындардың айтуынша,Шілісайдағы су құбырының құрылысы осыдан төрт жыл бұрын басталған,бірақ жоба созылып кеткен. Осы уақыт ішінде бірнеше мердігер ауысып,нысанды пайдалануға беру мерзімі бірнеше рет кейінге шегерілген."Жұмыс сапасы сын көтермейді. Бір мердігер тастап кетті,екіншісі де аяғына дейін жеткізбеді. Құбырлар төселген сияқты,бірақ пайдасы жоқ. Колонкаға дейін тас-талқаны шыққан жолмен барамыз. Қыста – мұз,жазда – лай. Бұл,әсіресе,қарт адамдарға өте қиын",– дейді жергілікті тұрғын Өмірбек Есеналиев.Ал әкімдіктегілер нысанның проблемалы екенін мойындап отыр. Сынақ ретінде су жібергенде күрделі ақаулар анықталған – құбырлар қысымға шыдас бермепті. Билік өкілдері жосықсыз мердігердің үстінен сотқа шағым түсірілгенін айтты."Жалпы жүйе дайын,бірақ дәл осы ауыл ішіндегі желілерде мәселе бар. Су жіберілгенде құбырлар жарылып жатыр. Қазіргі уақытта қысыммен тексеру және ақауларды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр",– деді қалалық құрылыс бөлімінің өкілі Ақсұңқар Құлданбаев.Шенеуніктер жобаның 90 пайызға дайын екенін және мамырдың аяғына қарай үйлерге су берілетінін айтып сендірді. Су құбырын екі жылдық кепілдікпен тапсыруға уәде беріп отыр.

Фото Tengrinews.kz

Әзірге Шілісай тұрғындары осы жолы уәде орындалар деп үміттеніп,канистрмен су тасуын жалғастырып жатыр. Шамасы,оларға тағы екі жыл күтуге тура келетін сияқты.

传播你的梦想,是我的使命

精准触达,高效发声,让每一次发布都有回响,把专业的事,交给专业的人,助你专注核心,我们搞定传播。

微信扫一扫 立即联系我们