itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

1
Мамандар технологиялық процестер мен табиғи жағдайларға байланысты полигон аумағынан тыс жерге жеңіл қоқыс фракцияларының ұшып кету мүмкін екенін нақтылады.
"18 сәуірде полигон аумағында және іргелес учаскелерде ұйымдастырылған сенбілік аясында жоспарлы санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілді. Осы іс-шаралардың нәтижесінде аумақ тиісті санитарлық күйге келтірілді. Сонымен қатар 2026 жылдың 20 сәуірінде полигон маңында өрт шықты. Өртті сөндіру жұмыстары кезінде,сондай-ақ желдің күшеюі салдарынан қалдықтардың жеңіл фракциялары (үлдір,қағаз және өзге де материалдар) негізгі жинақтау картасынан тыс жерлерге қайтадан шашырап кеткен,бұл бүгінде тіркеліп отырған жағдайға себеп болды",- деп хабарлады ведомство.
Басқарма мәліметінше,қазір полигон аумағында және оның маңында тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мамандандырылған қызметтер мен техника жұмылдырылды.
Тазалық жұмыстары жақын арада аяқталып,одан кейін фотоесеп ұсынылатыны атап өтілді.
微信扫一扫 立即联系我们