登录以查看您的控制台资源

新闻通稿 SEO营销 媒体监测

联系我们

“Өзекті әрі аса маңызды“. Тоқаев Өңірлік экологиялық саммитте сөз сөйледі

发布:4/22/2026 阅读:1

itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында сөз сөйледі,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент саммит қатысушыларына ілтипат білдіріп,халықаралық диалог алаңының маңызына тоқталды.

"Шын мәнінде,бүгін – Жер күні. Осы орайда планетамызды қорғауға жауапкершілікпен қарайтынымызды тағы да бір мәлімдеу үшін бас қосып отырмыз. Орнықты даму үшін ортақ көзқарас қалыптастыру – өзекті әрі аса маңызды. Мұны өңір елдері терең түсінеді. Қазіргі экология тек климат мәселесімен шектелмейді. Бұл – адамзат тіршілігінің түп негізі.

Яғни әңгіме таза ауа мен сапалы суға,бүлінбеген топырақ пен сенімді азық-түлік жүйесіне,қоғамның тұрақтылығына және ұрпақтың келешегіне қатысты болып отыр. Жалпы ақыл-ойдың тұнықтығы,қоғамдағы үйлесім мен адами бақыт та осыған саяды.

Ал экология дегеніміз – Жер бетіндегі тіршілікке жауапкершілікпен қарайтын саналы өмір салты. Сондықтан бүгінгі саммит дер кезінде ұйымдастырылып отыр",– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

传播你的梦想,是我的使命

精准触达,高效发声,让每一次发布都有回响,把专业的事,交给专业的人,助你专注核心,我们搞定传播。

微信扫一扫 立即联系我们