登录以查看您的控制台资源

新闻通稿 SEO营销 媒体监测

联系我们

Қазақстанда мәслихат депутаттары үшін төлемдер енгізу көзделіп отыр

发布:4/22/2026 阅读:1

itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

Мәслихат депутаттарына олар таратылған жағдайда төлемдерге кепілдік беріледі. Мұндай норма Мәжілісте қаралып жатқан мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі заң жобасында қамтылған,деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутат Екатерина Смышляеваның айтуынша,құжат мәслихат депутаттарының әлеуметтік кепілдіктерін нығайтады.

"Атап айтқанда,іссапар шығындарын өтеу қарастырылған. Сондай-ақ мәслихат таратылған жағдайда тұрақты негізде жұмыс істейтін депутаттарға төлемдер беріледі",- деп толықтырды депутат.

Заң жобасының жарияланған мәтінінде Президент мәслихатты таратқан жағдайда,тұрақты негізде жұмыс істейтін депутатқа ол жұмысқа орналасқанға дейін немесе зейнет жасына жеткенше ай сайын орташа айлық жалақысы мөлшерінде жәрдемақы төленетіні айтылған. Бұл ретте төлемдер өкілеттігі тоқтатылған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімге тағайындалатыны және мәслихат регламентінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылатыны нақтыланған.

Сонымен қатар аталған заң жобасында мәслихат депутаттарын жазалау туралы нормалар бар. Оларды мәслихаттың бір сессиясы бойы дауыс беру құқығынан айыру және сессияға қатысу құқығынан айыру арқылы жазалау ұсынылады. Тұрақты негізде жұмыс істейтін депутаттар үшін қосымша бір күндік жалақысынан айыру түріндегі жаза қолданылуы мүмкін.

传播你的梦想,是我的使命

精准触达,高效发声,让每一次发布都有回响,把专业的事,交给专业的人,助你专注核心,我们搞定传播。

微信扫一扫 立即联系我们