itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

1
Схема бойынша агенттіктер банктерден проблемалық берешекті номиналдан төмен бағамен сатып алып,кейін оны борышкерлерден өндіріп алумен айналысқан.
Борышкерлерден түскен қаражат бірқатар жағдайларда қарызды қайтару ретінде көрсетіліп,ҚҚС бойынша салық салынатын айналымға қосылмаған. Алайда іс жүзінде операциялардың экономикалық мәні басқаша болған.
Қарызды сатып алу сомасы мен іс жүзінде өндірілген қаражат арасындағы айырмашылық өндіріп алу қызметінен түскен табыс ретінде қарастырылған. Тексеру мәліметтеріне сәйкес,дәл осы табысқа жекелеген жағдайларда салық салынбаған.
"Жүргізілген тексерулер бұл тәсілдің бір реттік емес,жүйелі сипатқа ие екенін және оны салық төлеушілердің кең ауқымы қолданатынын көрсетті. Осыған байланысты МКК нарықтың барлық қатысушысы үшін тең жағдайларды қамтамасыз ету,соның ішінде салық салудан жалтару схемаларын болдырмау және операциялардың экономикалық мәніне сүйене отырып,салық міндеттемелерін дұрыс анықтау үшін әрі қарай талдау мен тексерулер жүргізіп жатыр",- делінген хабарламада.
15 салық төлеушіге қатысты барлық мән-жайды анықтау және салықтық ден қою шараларын қабылдау үшін егжей-тегжейлі тексеру жалғасып жатыр.
微信扫一扫 立即联系我们