登录以查看您的控制台资源

新闻通稿 SEO营销 媒体监测

联系我们

Атырау облысындағы отбасының өлімі: іс сотқа жіберілді

发布:5/12/2026 阅读:1

itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

Атырауда сот-психологиялық-психиатриялық сараптамадан өтуге жіберді.

Наурыз айының соңында прокуратура өкілдері егер әйелден психикалық бұзылу белгілері анықталса,оған Алматыда сараптама тағайындалатынын хабарлады.

10 сәуірде Мұқанғалиева Алматыдағы Сот сараптамасы институтына ауыстырылды.


Ақбаян Мұқанғалиева / ІІМ видеосынан кадр

4 мамырдағы жағдай бойынша Мұқанғалиеваға қатысты сот-психологиялық-психиатриялық сараптаманың қорытындысы әлі алынған жоқ. Прокуратура оның іс-әрекеті әлі сараланбағанын және оған қатысты бұлтартпау шарасы таңдалмағанын хабарлады.

"Мұқанғалиеваның іс-әрекеттері сараланған жоқ,оған қатысты бұлтартпау шарасы таңдалмады. Қылмыстық құқық бұзушылықтарды күдікті Сәрсемалиев жеке өзі жасаған. Басқа тұлғалардың қатысы бар екендігі туралы деректер анықталған жоқ. Сот-психологиялық-психиатриялық сараптаманың қорытындысына сәйкес,Сәрсемалиев өз іс-әрекетінің нақты сипаты мен қоғамдық қауіптілігін сезінуге,сондай-ақ оған ие болуға қабілетті деп танылды",– деп хабарлады прокуратура.

Отбасының өліміне қатысты іс

Атырау облысы Жангелдин ауылындағы бір отбасының жаппай өлтірілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр. 2025 жылғы желтоқсанда туыстары зейнеткер ерлі-зайыпты мен олардың ересек балаларының жоғалып кеткені туралы хабарлаған.

Сол кездегі мәлімет бойынша,отбасы үйден белгісіз бағытқа шығып кетіп,содан бері олардың қайда екені белгісіз болған.

Фото: полицияның баспасөз қызметі
Іздеуде төрт ересек адам болды:66 жастағы Мақсот Қарабалин;64 жастағы Нәсіп Өтешқалиева;35 жастағы қызы Мейрамгүл Қарабалина;32 жастағы ұлы Наурыз Мұқанғалиев.

Әкесі мен анасының денесі қайдан табылды?

Кейін,6 қаңтарда Жангелдин ауылында зейнеткер ерлі-зайыптының денесі табылды. Полиция мәйіттердің үй ауласындағы шаруашылық құрылыс астынан табылғанын хабарлады.Ерлі-зайыптыны жерлеу рәсімінен кейін бірден,8 қаңтарда полиция іс бойынша негізгі күдіктіні жариялады. Ол отбасының 29 жастағы күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиев болып шықты. Оның отбасының кенже қызы Ақбаян Мұқанғалиевамен бірге елден кетіп қалғаны анықталды.Ер адамға халықаралық іздеу жарияланды.

Күдіктілер Индонезияда ұсталды

24 ақпанда Сәрсемалиев пен Мұқанғалиева Индонезияның Сенару ауылындағы қонақүйлердің бірінде ұсталды.Келесі күні,25 ақпанда ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Ақбаян Мұқанғалиеваның да іс бойынша күдікті деп танылғанын хабарлады.

Наурыз бен Мейрамгүлдің денелері қайдан табылды?

9 наурызда кешке күдікті ерлі-зайыптының Алматыға экстрадицияланғаны белгілі болды. Сәрсемалиев Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаны өлтіргенін мойындап,олардың көмілген жерін көрсетті.Ағалы-қарындастың мәйіттері Атырау іргесіндегі Геолог шағынауданынан табылды. Олар негізгі күдікті бұрын жалдап тұрған үйдің ауласына көмілген.11 наурызда Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылында Наурыз бен Мейрамгүлді жерлеу рәсімі өтті.

Фотоны дереккөз арнайы Tengrinews.kz үшін ұсынды

Сол кезде қаза тапқан отбасының жақындары редакция тілшісіне Ақбаян Мұқанғалиеваның Атыраудағы психиатриялық мекемеге жіберілгенін хабарлаған еді.

传播你的梦想,是我的使命

精准触达,高效发声,让每一次发布都有回响,把专业的事,交给专业的人,助你专注核心,我们搞定传播。

微信扫一扫 立即联系我们