登录以查看您的控制台资源

新闻通稿 SEO营销 媒体监测

联系我们

Салық органдары қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

发布:5/12/2026 阅读:1

itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстанда белгісіз тұлғалар өздерін МКК қызметкері ретінде таныстырып,салық төлеушілерді жаңылыстырған алаяқтық деректері тіркелді. Олар қызмет түрін шұғыл растау,тіркеу деректерін жаңарту немесе мобильді қосымшалар арқылы "міндетті верификациядан" өту қажеттігін алға тартады.

Қаскөйлер азаматтарды бөгде қосымшаларды орнатуға,сілтемелерді ашуға және авторизациядан өтуге көндіреді. Кей жағдайларда олар SMS-кодтарды,электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) деректерін,парольдерді және банктік деректемелерді енгізуді сұрайды.

"Мысалы,алаяқтар қызметті тоқтатамыз деп қорқытып,"әр екі жыл сайын қызметті растау" үшін e-Salyq мобильді қосымшасын немесе басқа да қосымшаларды жүктеп алу қажеттігін хабарлауы мүмкін",- деп мәлімдеді МКК.

Ведомство бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын және алаяқтық схема екенін атап өтті.

"МКК мұндай қоңыраулар шалмайды,телефон арқылы мобильді қосымшаларды орнатуды,растау кодтарын,банк карталарының деректемелерін,ЭЦҚ кілттерін,парольдерді беруді немесе бөгде сілтемелер бойынша өтуді талап етпейді",- делінген хабарламада.

Қазақстандықтарды ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеруге және жеке деректерді белгісіз тұлғаларға хабарламауға шақырады.

传播你的梦想,是我的使命

精准触达,高效发声,让每一次发布都有回响,把专业的事,交给专业的人,助你专注核心,我们搞定传播。

微信扫一扫 立即联系我们